"Атлетик" Испания кубогы үшін финалда "Барселонамен" таласқа түседі

Сурет: Sportbox

Бильбаолық "Атлетик"  Испания кубогының жартылай финалында "Левантеден" басым түсті,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Валенсияда өткен кездесу қосымша уақытта 2:1 есебімен аяқталды. 

17-ші минутта бірінші голды "Леванте" шабуылшысы Рохер Марти салды. Ал 30-шы минутта "Атлетиктің" жартылай қорғаушысы Рауль Гарсия 11 метрден айып добын дәл теуіп, есепті теңестірді.

112-ші минутта бильбаолықтардың форварды Алехандро Беренгера жеңіс голын салды. 

Еске салайық, бірінші ойын 1:1 есебімен аяқталған. Жалпы есеп - 3:2, "Атлетик" пайдасына.