Бильбаолық "Атлетик" Испания кубогының жартылай финалында "Левантеден" басым түсті,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Валенсияда өткен кездесу қосымша уақытта 2:1 есебімен аяқталды.
17-ші минутта бірінші голды "Леванте" шабуылшысы Рохер Марти салды. Ал 30-шы минутта "Атлетиктің" жартылай қорғаушысы Рауль Гарсия 11 метрден айып добын дәл теуіп, есепті теңестірді.
112-ші минутта бильбаолықтардың форварды Алехандро Беренгера жеңіс голын салды.
Еске салайық, бірінші ойын 1:1 есебімен аяқталған. Жалпы есеп - 3:2, "Атлетик" пайдасына.