Футбол
Бүгін 09:41
 

Атақты шабулышыны "Барселонаға" қосу үшін Лапорта 220 миллион дайындап жатыр

  Пікірлер

blog.share

Атақты шабулышыны "Барселонаға" қосу үшін Лапорта 220 миллион дайындап жатыр ©x.com/fcbarcelona

Каталондық "Барселонаның" президенті Жоан Лапорта 2027 жылдың жазында Англияның "Манчестер Сити" клубы мен Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холандты қатарға қосуға әрекет жасап көрмек, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Каталондық "Барселонаның" президенті Жоан Лапорта 2027 жылдың жазында Англияның "Манчестер Сити" клубы мен Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холандты қатарға қосуға әрекет жасап көрмек, деп хабарлайды Vesti.kz.

Лапорта бәсекелестерден озып кеткісі келеді

"Барселона" өкілдері келесі жазда Холанд клуб ауыстырғысы келеді деп есептейді. Лапорта норвегиялық форвардтың айналасымен алдын ала байланыс орнатып, оның өкілдерімен кездесу өткізуді көздеп отыр.

Каталондық клуб әзірге трансфер бойынша келіссөз жүргізуді жоспарлап отырған жоқ. "Барселона" басшылығы алдымен Холандтың жоспарларын және трансферге қойылатын шарттарды анықтап алғысы келеді.

Егер норвегиялық футболшы "Манчестер Ситиден" кетуге шешім қабылдаса, оған Еуропаның топ-клубтары таласатыны сөзсіз. Сондықтан Лапортаның стратегиясы - ықтимал мәміле бойынша бәсекелестерден бұрын жұмыс бастап, трансферге қажетті алғышарттарды жаспа қою.

"Барселона" қаржы мәселесін шешуі керек

Каталондық клуб үшін ықтимал трансфердің басты мәселесі қаржы болып тұр. "Барселонаға" әлем бойыша еңбекақысы ең жоғары футболшылардың бірін қатарға қосу үшін айлық қорынан қайта қарастыру керек.

Сонымен қатар Лапортаның ойынша, Холандты сатып алу "Барсаның" спорттық және коммерциялық деңгейін айтарлықтай өзгерте алады.

26 жастағы норвегиялық футболшының "Манчестер Ситимен" келісімшарты 2034 жылдың ортасына дейін жарамды. Transfermarkt мәліметінше, Холандтың трансфері қазір 220 миллион еуроғабағаланып отыр. Бұл көрсеткіш Холандты "Барселона" вингері Ламин Ямальмен бірге әлемдегі ең қымбат футболшы етіп отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!