Карьерасын аяқтағалы бірнеше жлы өткен аңызға айналған бразилиялық футболшы Роналдиньо күтпеген жерден алаңға қайта оралатын болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
20 тамызда 46 жастағы экс-футболшы Италияның "Равенна" клубымен ресми келісімшартқа отырып, команданың жаңа ойыншысы ретінде таныстырылды. Сонымен қатар Роналдиньо С сериясында өнер көрсететін клубтың ортақ иелерінің бірі әрі елшісі саналады.
Еске салайық, Роналдиньо карьерасын 2018 жылы аяқтаған болатын.
Қазіргі таңда "Равенна" Италияның С чемпионатында өнер көрсетеді. Алайда клубтың жаңа басшылығы команда мен оның брендін жаңа деңгейге көтеруді жоспарлап отыр.
Роналдиньоның мақсаты
Аты аңызға айналған бразилиялық командаға тек символикалық рөл атқару үшін келген жоқ. Оның негізгі мақсаты - карьрасындағы соңғы ресми голын дәл "Равенна" жейдесімен соғу.
Клубты 2024 жылы әлемге танымал Hospitality Cipriani брендінің иесі Иньяцио Чиприани Black Duck қорымен бірлесіп сатып алған.
Жобаның спорттық директоры болып бұған дейін "Миланның" алтын дәуірін қалыптастыруға үлес қосқан Ариедо Брайда тағайындалды. Ол кезінде Роналдиньомен "Милан" сапында бірге жұмыс істеген.
Жарнама