"Астананың" үздік сұрмергені "Каспиймен" өтетін ойынға қатыспайды

22 қыркүйек 2021 17:22
©"Астана" ФК

"Астана" лидері Марин Томасов "Каспиймен" өтетін Қазақстан кубогының қарымта кездесуіне қатыса алмайды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады.

Бапкерлер штабының шешімімен 12 голмен ҚПЛ-дің үздік сұрмергені саналатын хорваттық ойыншы Ақтауға ұшпаған.

Кейінгі матчта Томасовтың жеңіл жарақаты болды, сондықтан жағдайды ушықтырмау үшін осындай шешім қабылданған.

Сондай-ақ, португалдық ойыншы Педро Евгенио да жарақатына байланысты Ақтауда өнер көрсетпейді.

Естеріңізге сала кетейік, кездесу бүгін, 22 қыркүйекте өтеді. Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де. Бірінші ойын 3:3 есебімен аяқталды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар