"Астана" лидері Марин Томасов "Каспиймен" өтетін Қазақстан кубогының қарымта кездесуіне қатыса алмайды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады.
Бапкерлер штабының шешімімен 12 голмен ҚПЛ-дің үздік сұрмергені саналатын хорваттық ойыншы Ақтауға ұшпаған.
Кейінгі матчта Томасовтың жеңіл жарақаты болды, сондықтан жағдайды ушықтырмау үшін осындай шешім қабылданған.
Сондай-ақ, португалдық ойыншы Педро Евгенио да жарақатына байланысты Ақтауда өнер көрсетпейді.
Естеріңізге сала кетейік, кездесу бүгін, 22 қыркүйекте өтеді. Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де. Бірінші ойын 3:3 есебімен аяқталды.