Футбол
11 қаңтар 2022 20:04

"Астананың" негізгі қақпашысы кім болатыны анықталды

©"Каспий" ФК

Сербиялық қақпашы Марко Милошевич "Каспий" командасынан кетті. Бұл туралы футболшының өзі хабарлады. Алайда ол карьерасын қайда жалғастыратынын айтпады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Meta-ratings.kz ақпараты бойынша, қақпашы Срджан Благоевич жаттықтыратын "Астана" командасына ауысады екен. Бапкер мен бағана күзетуші "Каспий" сапында бірге жұмыс істеген еді. 

"Қоштасатын уақыт келді. Екі жыл зу ете шықты. Команданың жанкүйерлері мен қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ алғысты ойыншыларға айтамын. Сіздер менің отбасыма айналып кеттіңіздер. Мен өзімді үйдегідей сезіндім. Үлкен рақмет. Әрбір өткізген сәт үшін рақмет. Сонымен қатар, достықтарыңыз үшін алғыс білдіремін. Мен сіздерді ешқашан ұмытпаймын. Бірге жүріп, мықты болыңыздар. Сәттілік тілеймін. Қайта көріскенше!", - деп жазды Милошевич Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, 30 жастағы Милошевич "Каспий" сапында 2020 жылдан бері өнер көрсетті. Оған дейін қақпашы сербиялық командалардың намысын қорғады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport