"Астананың" мықты шабуылшыларының бірі "Қайратпен" шешуші матчке қатыса алмайды

©"Астана" ФК

"Астана" шабуылшысы Абат Айымбетов коронавирусқа шалдықты, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Осыған байланысты футболшы 24 қазан Алматыда өтетін "Қайратпен" ойынға қатыса алмайды.

Былтыр Айымбетов "Қайрат" сапында ойнап, ел чемпионы болған. Биыл алматылықтар бұл атағын қорғай алмас, ал астаналықтар бірінші орынға таласуда және алдағы матч шешуші болуы мүмкін. 

Еске салайық, мұның алдында Абат иық жарақтына байланысты Қазақстан құрамасының Босния және Финляндия командаларына қарсы матчке де қатыса алмады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport