"Астананың" мықты ойыншысы болашағына қатысты бір шешімге келді
©"Астана" ФК
Хорватиялық легионер Марин Томасов карьерасын "Астанада" жалғастырады. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады.
Хорватиялық легионер Марин Томасов карьерасын "Астанада" жалғастырады. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады.
"Томасов келісімшарт аяқталғанша "Астанада" қалатын болып шешті. ҚПЛ-дің ең мықты ойыншыларының бірі карьерасын Ресейде жалғастыру амалын таппады, ал Таяу Шығысқа барғысы келмейді. "Астана" басшылығы еңбекақысы ең жоғары ойыншыдан құтулға қуанатын еді, алайда, олай бола қоймайтын сияқты", - деп жазады мәлімет көзі.
ҚПЛ-2021 маусымында 34 жастағы Томасов 23 матчте 17 гол салып, он ассист жасады. Transfermarkt мәліметінше, ойыншының келісімшарты келесі жылдың соңына дейін жарамды.
Жарнама