Футбол
3 қаңтар 2022 14:18
 

"Астананың" легионері командадан кеткенін хабарлады

  Пікірлер

blog.share

"Астананың" легионері командадан кеткенін хабарлады ©"Астана" ФК

Елордалық "Астананың" қорғаушысы Энео Битри қазақстандық командадан кетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Елордалық "Астананың" қорғаушысы Энео Битри қазақстандық командадан кетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Бұған дейін команданың ресми сайты екі футболшының кеткенін мәлімдеген болатын. Олардың бірі осы Битри болса, екіншісі шабуылшы Семир Смайлагич еді. 

"Бүгіннен бастап мен "Астана" командасының футболшысы емеспін. Командаластарымды, директорды және президентке алғыс айтқым келеді. Мен оларға сәттілік тілеймін", - деді Битри. 

Албаниялық қорғаушы "Астана" сапына 2021 жылдың жазында ауысты. Осы уақыттың ішінде ол 18 кездесуге қатысып, екі гол соқты. 

Ал босниялық шабуылшы Смайлагич болса елордалық команда сапында 13 кездесуге қатысты. Маусымның екінші бөлігін ол "Қызыл-Жар" командасында жалда өткізді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!