Бүгін, 18 шілдеде ҚПЛ-2025 маусымының 17-туры аясында "Астана" мен "Тұран" командалары арасындағы матч өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Астана қаласында өтеді, басталуы сағат 20:00. Ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады. Трансляция сағат 19:55-те басталады.
"Астана" – "Туран" матчының тікелей трансляциясыАстаналық клуб қазіргі таңда 37 ұпаймен турнирлік кестеде көш бастап тұр. Алайда жоғалған ұпайлар саны бойынша "Астанадан" алматылық "Қайрат" (16 ойында 36 ұпай) пен "Тобыл" (15 ойында 34 ұпай) озып тұр.
Айта кетейік, турдың қалған ойындары 19 және 20 шілде күндері өтеді.