"Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі өз алаңындағы ойында Молдованың "Зимбру" командасынан ұтылмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу "Астана Арена" стадионында өтті және 1:1 есебімен тең аяқталды. Алдымен 45+1-минутта қонақтар сапынан Гай Дахан есеп ашты. Григорий Бабаян шәкірттері 56-минутта Иван Башичтің дәл соққысының арқасында таразы басын теңестірді.
Тең есепке қарамастан, ойын барысында "Астана" басымдықта болды, бірнеше қауіпті сәттер жасады, алайда оларды голға дейін жеткізе алмады. Әсіресе, команданың капитаны Марин Томасов белсенді ойнап, бірнеше рет қақпаны нысанаға алғанымен, бұл кеште оған гол соғу бұйырмады. Жалпы алғанда, қазақстандық клуб жиі шабуылдап, допты бақылауда ұстады, бірақ, жеңісті жете алмады.
Қарсыластар арасындағы шешуші матч 31 шілде күні Кишинев қаласында өтеді.
Айта кетейік, бұл жұптың жеңімпазы үшінші іріктеу кезеңінде Солтүстік Македонияның "Вардар" және Швейцарияның "Лозанна" клубтары арасындағы жеңімпазбен кездеседі.
Жарнама