Бүгін, 31 шілдеде "Астана" Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қапрымта ойында молдовалық "Зимбру" командасымен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Кишинев қаласында өтеді және Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталады. Матчтың тікелей көрсетілімі Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады, трансляция сағат 21:50-де басталады.
"Зимбру" – "Астана" матчының тікелей трансляциясы
Еске салайық, бір апта бұрын Астанада өткен алғашқы ойында командалар 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын.
Егер бұл жолы ұтса, "Астана" үшінші іріктеу кезеңінде солтүстік македониялық "Вардар" мен швейцариялық "Лозанна" арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды. Бұл ойындар 7 және 14 тамызда өтеді.
Жарнама