Футбол
15 тамыз 2019 17:39

"Астананың" қарсыласы Еуропа Лигасы қарымтасы алдында негізгі қақпашысынан айырылды

© "Астана" ФК
Мальталық "Валлетта" Еуропа Лигасы үшінші іріктеу раундында "Астанамен" ойынға негізгі қақпашы Анри Бонеллоға сенім арта алмайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 30 жастағы голкипер жамбас бұлшық етін созып алған. Ол команда сапына тек 23 тамызда қосылады. 

Сонымен қатар, мальталық командадан өзге де футболшылар жарақатына байланысты алаңға шықпайды - 33 жастағы мальталық қорғаушы Джонатан Каруана, 33 жастағы черногориялық шабуылшы Боян Кальевич және шабуылшы тобындағы тағы бір ойыншы 32 жастағы аргентиналық Сантьяго Малано. ал 31 жастағы мальталық қорғаушы Стив Борг ойыннан шеттелгеніне байланысты матчке қатыса алмайды. 

Еске салайық, қарымта матч 16 тамызға қараған түні Та-Калиде өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00-де басталады. Бұл жұпта үздік болған клуб Еуропа лигасының плэй-офф кезеңінде беларусьтік БАТЭ мен босниялық "Сараево" текетіресінің жеңімпазымен кездеседі.