"Астананың" жаңа бапкері команда сапында бірінші өзгерістер жасады

Сурет: "Астана" ФК
"Астана-М" сапындағы бес футболшы негізгі командамен жаттығатын болды. "Астана" клубының Андрей Тихонов басқаратын бапкерлер штабы осындай шешім қабылдады. 

Осылайша, астаналық команданың Алматыдағы жаттығуларына қорғаушылардан 20 жастағы Самат Мажит пен 19 жастағы Рахат Маратов, жартылай қорғаушылардан 20 жастағы Нұржан Қуанышқалиев, 18 жастағы Санжар Шураханов пен 17 жастағы Мейрамбек Қалмырза қосылды.

Бес ойыншы да "Астана" тәлімгерлері және осы маусымда екінші лига клубтары арасындағы Қазақстан біріншілігіне қатысқан. 
Жаңалықтар