"Астананың" Еуропа лигасындағы соңғы матчіне құрамы белгілі болды

6 желтоқсан 2019 17:05
© "Астана" ФК
Бүгін, 6 желтоқсанда "Астана" клубының футболшылары мен бапкерлер штабы Белградқа аттанды, - бұл туралы команданың сайтында хабарланған. 

Сербия астанасында команда қысқа оқу-жаттығу жиынын өткізеді, осыдан кейін Еуропа лигасының шешуші алтыншы турының матчі өтеді. 

Белградқа "Астана" келесідей құрамда аттанды:

Қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов, Владислав Саенко;

Қорғаушылар: Дмитрий Шомко, Антонио Рукавина, Абзал Бейсебеков, Евгений Постников, Юрий Логвиненко, Сағи Совет;

Жартылай қорғаушылар: Дидар Жалмұқан, Иван Маевский, Юрий Перцух, Серікжан Мужиков, Дорин Ротариу, Рунар Сигурьонссон, Жасұлан Қайыркенов, Мади Жақыпбаев;

Шабуылшылар: Рангело Янга, Роман Мұртазаев, Сергей Хижниченко, Владислав Прокопенко.

Марин Томасов, Лука Шимунович, Жарко Томашевич пен Фирмин Мубеле жеке бағдарлама бойынша жарақаттан ары қарай емдеп жатыр.

Еске салайық, "Партизан" - "Астана" ойыны желтоқсанның 12-нен 13-не қараған түні, Қазақстан астанасының уақытымен 02:00 басталады. Ойынды Qazsport арансынан тікелей тамашалауға болады. 
Жаңалықтар