"Астананың" Еуропа Лигасы тобына шығу үшін шешуші матчіне тікелей трансляция

© "Астана" ФК
Бүгін, 29 тамызда "Астананың" Еуропа лигасы іріктеуінің плей-офф раундындағы белорусьтік БАТЭ командасына қарсы қарымта матчы тікелей көрсетіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын Борисовтегі "Борисов Аренада" өтеді, басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 23:00. Қазақстанда ойынды QazSport арнасынан тамашалауға болады. Интернеттегі тікелей трансляция мына жерде

Еске салайық, бірінші матчте "Астана" өз алаңында БАТЭ клубын 3:0 есебімен ұтты. Бұл екі ойынның жеңімпазы Еуропа Лигасының тобында өнер көрсетеді.