Футбол
1 тамыз 09:01
 

"Астананың" еурокубоктардағы қарымта матчі жылдам екі голмен бітті

  Пікірлер

blog.share

"Астананың" еурокубоктардағы қарымта матчі жылдам екі голмен бітті ©Instagram/fca.astana

"Астана" Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Астана" Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кишиневтегі жеңіс

Футболдан Қазақстанның алты дүркін чемпионы - "Астана" клубы Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды. Бұл жетістікке команда "Зимбруды" (Молдова) қарымта матчта 2:0 есебімен ұту арқылы жетіп отыр. 

Бірінші таймда-ақ Джеффри Чинеду (18-минут) және Усман Камара (21-минут) мергендік танытып, жеңісті қамтамасыз етті.



Айта кетейік, алаң иелері матч барысында бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымен, Григорий Бабаян шәкірттері сенімді ойын көрсетті және өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды.

Алғашқы матч Астанада өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. Екі кездесудің қорытындысы бойынша "Астана" 3:1 есебімен келесі кезеңге өтті.

Келесі қарсылас - "Вардар" немесе "Лозанна"

Үшінші іріктеу кезеңінде "Астана" Солтүстік Македониялық "Вардар" мен Швейцариялық "Лозанна" арасындағы жеңімпазбен кездеседі. Қос матч 7 және 14 тамызда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!