Футбол
16 тамыз 2019 16:37

"Астананың" ең мықты ойыншысы Еуропа Лигасы іріктеуінің үздік бомбардирлерінің үшітігінде

© "Астана" ФК
"Астананың" хорватиялық жартылай қорғаушысы Марин Томасов Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша үздік бомбардирлер қатарына кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Мальталық "Валлеттамен" қарымта ойында 31 жастағы Томасов дубль жасады, ал астаналық команда 4:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ол голдар санын алтыға жеткізді. "Абердин" ойыншысы Сэм Косгроувта да осынша доп. Ал бірінші орында өзге шотландиялық клуб - "Рейнджерс" футболшысы Альфредо Морелоста (7 гол).

Еуропа Лигасының осы квалификациясында Томасов алаңда 300 минут өткізген. Осы уақытта бір ассист жасап, тоғыз соққысы қақпаның ернеуіне тиді, алаң бұрышынан 13 рет пас берді, үш фол бар және екі рет ереже бұзғаны үшін бір ескерту алды. 

Томасов "Астана" сапында 2017 жылдан бері ойнайды, өткен маусымда астаналық клуб футболшыны хорватиялық "Риектен" 500 мың еуроға алған. Сонымен бірге, ол астаналық команданың ең қымбат ойыншысы - 3,5 миллион еуро.