"Астананың" ең қымбат футболшысы қатардан шығып қалды
"Астана" командасының жартылай қорғаушысы Мохаммед Камара елордалық ұжымның алдағы кездесулеріне қатыса алмайды, деп жазады skazk1.dugali4a Instagram желісіндегі парақша.
"Астана" командасының жартылай қорғаушысы Мохаммед Камара елордалық ұжымның алдағы кездесулеріне қатыса алмайды, деп жазады skazk1.dugali4a Instagram желісіндегі парақша.
"Камара тек маусымда қатарға қайта оралады. Ол қазіргі уақытта ем қабылдауда. Мамыр айындағы бірде-бір кездесуге қатыса алмайды. Осылайша, жартылай қорғаушы командаға тек ұлттық құрамаларға берілетін үзлістен кейін ғана көмектесе алады", - деп жазады дереккөз.
Айта кетейік, либериялық жартылай қорғаушыны "Астана" түркиялық "Хатайспорт" командасынан жалға алды. Transfermarkt порталы бұл футболшыны 24 миллион еуроға бағалаған. Камара - Қазақстан біріншілігіндегі ең қымбат футболшы.
Бірақ ол биыл Қазақстан біріншілігінде бір ғана кездесуге қатысты.
Жарнама