"Астананың" экс ойыншысы Өзбекстан чемпионатында әдемі голмен көзге түсті

Сурет: SPORTS.uz

Футболдан Өзбекстан чемпионатының төртінші турында "Насаф" өз алаңында "Турон" командасын ойсырата ұтты,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Карши қаласында өткен кездесу 4:0 есебімен аяқталды. 51-ші минутта екінші голды сербиялық жартылай қорғаушы Марко Станоевич салды. Футболшы бұрын ҚПЛ-де  "Шахтер", "Астана" және "Ертіс" сапында ойнаған. 32 жастағы легионер пенальтиді сәтті орындап, әдемі гол салды:

Айта кетейік, өзбекстандық команда үшін Станоевич былтырдан бері өнер көрсетіп келеді.

Осы жеңістен кейін "Насаф" бес ұпаймен ел чемпионатында жетінші, ал "Турон" бір-ақ ұпаймен соңғы - 14-ші орында.

Метки: