"Астананың" экс-бапкері еуропалық клубты жаттықтырады

22 қыркүйек 2022 06:12
©"Дебрецен" ФК

"Астананың" экс бас бапкері Срджан Благоевич венгриялық "Дебрецен" клубының тізгінін ұстады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Сербиялық маман жаңа командасымен 1 қазан күні "Гонведке" қарсы ойнайды.

Еске салайық, Благоевич қыркүйек айының 13 жұлдызы "Астанадан" кеткен еді. Ол елордалықтарды өткен жылдың соңынан бастап жаттықтырды. Ал осыған дейін "Каспийде" жұмыс істеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар