"Астананың" экс бас бапкері Срджан Благоевич венгриялық "Дебрецен" клубының тізгінін ұстады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Сербиялық маман жаңа командасымен 1 қазан күні "Гонведке" қарсы ойнайды.
Еске салайық, Благоевич қыркүйек айының 13 жұлдызы "Астанадан" кеткен еді. Ол елордалықтарды өткен жылдың соңынан бастап жаттықтырды. Ал осыған дейін "Каспийде" жұмыс істеді.