"Астананың" экс-бапкері "Барселонамен" өткен ойыннан кейін пікір білдірді

©Астана ФК

"Виктория" клубының бас бапкері Михал Билек Чемпиндар лигасының бірінші турында "Барселонаға" ойсырай ұтылған соң сұхбат берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Біз ойынның ауыр болатынын алдына ала білдік. Футболшылар қолдарынан келгенше тырысты. Бірақ бұл бүгінгі матчта аздық етті. "Барселона" лайықты түрде жеңіске жетті. Бүгінгі кездесуден кейін үлкен тәжірибе алдық. Ал Роберт Левандовски болса жайдан-жай әлемнің ең мықты шабуылшыларының бірі емес екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ол қарсыластың айып алаңында кеңістікті тез таба алады. Қас-қағым сәтте дұрыс ашыла біледі", - дейді УЕФА-ның ресми сайты.

"Камп Ноудағы" ойын 5:1 есебімен "каталондықтардың" пайдасына аяқталды. "Барселона" сапында Франк Кесси, Ферран Торрес бір-бір голмен жанкүйерлерін қуантса, Роберт Левандовски хет-трик авторы атанды. Чехиялық командадан Ян Сикора салды.

Еске салайық, Михал Билек 2019/20 жылдары Қазақстан құрамасын және 2020 жылы "Астана" клубының тізгінін ұстады. Дәл сол жылы елордалықтармен Қазақстан Суперкубогін иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар