"Астананың" екі легионері командадан кететін болды

11 желтоқсан 2022 18:07
©"Астана" ФК

"Астананың" қорғаушылары Брайан Гарсия мен Даниил Бескоровайный  елордалық командадан кетеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Брайан "Астана" командасына өткен қыста қосылып, Қазақстан чемпионы атанды. Ол астаналық клуб сапында 26 ойынға қатысып, бір нәтижелі пас берді. 

Ал Бескоровайный елордалық клуб сапында жалда ойнады. Оның жалға алу мерзімі аяқталды. Сол үшін командадан кетеді. Биыл Даниил 28 кездесу өткізіп, нәтижелі әрекетімен көзге түспеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар