"Астананың" бұрынғы шабуылшысы түркиялық клубтың үздік шабуылшысы атанды

Сурет "Астананың" ресми сайтынан алынды.

Елордалық "Астана" клубының бұрынғы шабуылшысы Педро Энрике түркиялық "Кайсериспор" командасының үздік сұрмергені атанды. 

Бразилиялық жартылай қорғаушы Түркия біріншілігінің соңғы турында "Трабзонспор" (1:2) командасына қарсы өткен кездесуде гол соқты. Энрике 86 минутта пенальтиді сәтті орындады. 



Бұл Энрикенің "Кайсериспор" сапындағы оныншы голы еді. Осылайша, ол клубтың үздік сұрмергені атанды. Бірақ "Кайсериспор" соңғы орын алып, Түркияның жоғарғы дивизионынан шығып қалды. 

Еске салайық, Энрике "Астана" сапына 2018 жылы ПАОК клубынан жалға келген еді. Елордалық команда сапында ол ішкі біріншілікте сегіз ойынға қатысты. Ал еурокубктерде 11 матчқа қатысып, үш гол соқты. 






 

Метки:
Жаңалықтар