"Астананың" бұрынғы ойыншысы еуропалық клубта гол соқты

©Астана ФК

"Астананың" бұрынғы ойыншысы Иван Маевский "Целе" сапында гол соғып, Словения чемпионатының символикалық турына енді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

26-тур аясында "Целе" өз алаңында "Домжалені" (2:1) ұтты. Ал Маевский 86-минутта гол соқты. 33 жастағы жартылай қорғаушы жаңа командасында 17-ші кездесуін өткізіп, бірінші рет ерекшеленді.   

Жеңіске жеткен "Целе" командасы 29 ұпаймен турнир кестесінде он клубтың ішінде жетінші орынға дейін көтерілді. 35 ұпайы бар "Домжале" болса алтыншы орында қалды.

Еске салайық, Иван Маевский 2017-2020 жылдары "Астана" сапында доп теуіп, артынша Волгоградтың "Роторына" ауысқан еді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport