Футбол
17 наурыз 2022 14:33

"Астананың" бұрынғы қарсыласы "Ювентусты" Чемпиондар Лигасынан шығарды

©Reuters

"Вильярреал" бас бапкері Унаи Эмери Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында "Ювентусты" қос ойында ұтқан соң пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Ең алдымен қарымта матчта біздің қақпашымыздың қателіксіз ойнағанын сұрадық. Содан кейін қарымта шабуылға шығудың сәтін күттік. Бірінші таймда қарсылас бірнеше рет қауіп төндірді. Үзілістен кейін өз мүмкіндіктерімізді жақсы пайдалана алдық. Алаңға шыққан Рульи мен Жерар Морено ойынның тағдырын шешті деуге болады. Турнирдің келесі айналымына өткенімізге қуаныштымыз", - дейді Эмери УЕФА-ның ресми сайтына берген сұхбатында.

Апта бұрын қонақта "Ювентус" пен "Вильярреал" Испаниядағы алғашқы ойында 1:1 есебімен тең түссе, қарымта кездесуде Максимилиано Аллегри футболшылары 0:3 есебімен ұтылды. "Сары сүңгуірлер" сапында Жерар Морено (78-минут), Пау Торрес (85-минут) және Арно Груневелд (90+2) гол соқты.

Еске салайық, Еуропа Лигасының аясында "Астана" мен "Вильярреал" төрт рет кездесіп, барлығында испаниялық клуб жеңіске жеткен еді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport