"Астананың" бұрынғы қарсыласы "Брентфордқа" қақпашысын жалға берді

©Getty Images

"Мидтьюлланн" қақпашысы Йонас Лессль Англия чемпионатында өнер көрсететін "Брентфорд" сапына ауысты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Ағылшын командасы дат голкиперін маусым соңына дейін жалға алған.

Қақпашы жаңа клубтың көңілінен шыққан жағдайда Лессльді сатып алып, бір жылдық келісімшарт жасасуы мүмкін.

АПЛ дебютанты "Брентфорд" қазіргі таңда турнир кестесінде 20 ұпаймен 14-орынға жайғасқан. 

Лессль спорттық карьерасында "Генгам", "Майнц", "Хеддерсфилд" және "Эвертон" ұжымдарының намысын қорғаған.

Еске салайық, "Мидтьюлланн" мен "Астана" 2018 жылы Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу айналымында кездесіп, қос мачтың қорытындысы бойынша елордалық клуб келесі раундқа өткен болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар