"Астананың" бұрынғы футболшысы "Интер" сапына ауысты

©"Астана" ФК

Елордалық "Астана" командасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Педро Энрике Бразилияның А сериясында өнер көрсететін "Интер" сапына ауысты, деп жазады Globo Esporte порталы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, "Интер" ішкі біріншіліктің соңғы трансферлік күні 31 жастағы футболшыны қатарына қосып үлгерген. Бұған дейін бразилиялық жартылай қорғаушы түркиялық "Сивасспорт" командасының намысын қорғады. 

Transfermarkt порталы Энрикені бразилиялық клубқа 1,5 миллион еуроға ауысқанын жазды. Ол жаңа командасымен 2024 жылдың маусымына дейін келісімшарт жасады. 

Айта кетейік, Педро Энрике "Астана намысын 2018 жылы қорғаған болатын.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport