"Астананың" бұрынғы бас директоры не үшін Барсегянның еуропалық клубқа ауыспағанын айтты

Сурет "Астана" сайтынан алынды.

"Астана" командасының бұрынғы бас директоры Давид Лория Тигран Барсегянның не үшін братиславалық "Слован" командасына ауыспағанын айтып берді, деп жазады Vesti.kz порталы. 

"Клубқа "Слован" тарапынан ұсыныс түсті. Бұл команда Тигран Барсегян үшін 200 мың еуродан жоғары ақша ұсынды. Мұны біз футболшының өзімен де ақылдастық. Маған басшы ретінде шешім қабылдау қиын болды. Бір жағынан бізде жақсы ақша жасап қалуға мүмкіндік болды. Өйткені желтоқсан айында оның келісімшарты аяқталады. Екінші жағынан ол команданың көшбасшысы. Барсегян кетсе команда әлсіреп қалатын еді. 

Ол менен бұл трансфер туралы не ойлайтынымды сұрады. Мен шын жауап бердім: "Тигр, мен сенің бізге чемпиондықты жеңуге көмектескеніңді қалаймын", - дедім. Ол да осы мақсатқа жеткісі келетінін айтты. Сөйтіп біз "Слованның" ұсынысынан бас тарттық. 

Барсегянның өзі бұл жерде командаға көмектескісі келеді. Мұның өзі үлкен құрметке лайық. Мұндай футболшылар бар кезде жетістікке жету де оңай", - деп келтіреді Лорияның сөзін Meta-ratings.kz.

Еске салайық, өткен аптада Лория отставкаға жіберілді. Одан кейін Президентке хат жазды. Ал оның орнына жаңа басшы тағайындалды. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: