Футбол
1 қаңтар 2022 18:45

"Астананың" бұрынғы бапкері украиналық клубтың бас бапкері атанды

©"Черноморец" ФК

Елордалық "Астана" командасының бұрынғы бас бапкері Роман Григорчук одессалық "Черноморец" командасының бас бапкері атанды, деп жазады KazFootball.kz порталы. 

Бапкер мен клуб үш жылдық келісімшарт жасаған. 

Айта кетейік, Григорчук 2010-2014 жылдар аралығында "Черноморец" клубының бас бапкері болған. Оның бастамасымен команда Украинаның Бірінші лигасынан Премьер-лигасына көтерілген. 2012 жылғы маусымда Украина кубогінің финалында ойнап, Еуропа лигасына жолдама алған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport