Футбол
10 желтоқсан 2021 15:16
 

"Астананың" бұрынғы бапкері Тихоновтың жаза мерзімі қысқартылды

  Пікірлер

blog.share

"Астананың" бұрынғы бапкері Тихоновтың жаза мерзімі қысқартылды ©"Астана" ФК

Апелляциялық комиссияға Андрей Тихонов ҚФФ Тәртіптік комитеті тағайындаған жазаның мерзіміне қарсы шағым жасады.

blog.share

Апелляциялық комиссияға Андрей Тихонов ҚФФ Тәртіптік комитеті тағайындаған жазаның мерзіміне қарсы шағым жасады.

11 қараша мен 8 желтоқсанда өткен отырыстарда Комитет матчтың ресми өкілдерінен келген барлық материалдарды, есептерді, соның ішінде шағымданушы ұсынған материалдарды қайта қарады. Комитет мүшелері Тихоновтан матч кезінде команданы ойын алаңынан рұқсатсыз алып кету фактісі бойынша түсініктеме сұрады.

Апелляциялық комиссия "Астана" клубының бұрынғы бапкері Андрей Тихоновтың шағымын қабылдады. Осылайша, ҚФФ Тәртіптік комитетінің шешімімен дисквалификация мерзімі 24 айдан 12 айға дейін қысқартылды.

Еске салайық, биылғы маусым аяқталғаннан соң ресейлік маман "Астана" командасынан кетті. Оның орнына қазір елордалық команданы сербиялық Срджан Благоевич жаттықтырады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!