"Астананың" бұрынғы бапкері ресейлік клубты жаттықтырады

©championat

Сергей Юран Ресей чемпионатында сынға түсетін "Химки" командасының тізгінін ұстады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Осылайша, Юран Мәскеу облысының командасына үшінші рет келіп отыр. 2008 жылы "Химкиге" келе салысымен клубты ішкі чемпионатта сақтап қалса, 2020 жылы команда жоғары дивизионға жолдама алып, Ресей Кубогінің күміс жүлдегері атанды.

Қазіргі таңда ішкі біріншілікте "Химки" 18 ойын өткізіп, оның екеуінде ғана жеңіске жеткен. Соның салдарынан 14 ұпаймен ең соңғы орынға жайғасты. 

Еске салайық, 2009 жылы ресейлік маман елорданың "Астанасын" жаттықтырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport