"Астананың" бұрынғы бапкері мәскеулік "Спартак" командасында жұмыс істеуі мүмкін

16 қыркүйек 2022 16:43
©"Астана" ФК

Мәскеулік "Спартак" командасы Пол Эшуортты спорт директоры қызметіне тағайындауы мүмкін. Маман клубтың жаңа басшылары және "Лукойл" жетекшілерімен жақсы таныс, деп жазады Metaratings.ru порталы. 

Қазіргі уақытта 52 жастағы маман Англияның үшінші дивизионында өнер көрсететін командаларының бірінде скаут қызметін атқарады. 

Осыған дейін "Спартак" командасының бас директоры Евгений Мележиков мәскеулік ұжым жуырда шет елдік спорт директорының тағайындалатынын айтты. 

Эшуорт осыдан бір жыл бұрын "Спартак" пен арабиялық City Football Group (CFG) компаниясы арасындағы келіссөзге қатысқан. Ол кезде компания мәскеулік клубтың акциясын сатып алуған ниетті болған. 

Эшуорт осыған дейін Ресейде жұмыс істеген. 2005 жылы ол "Ростов" командасының спорт директоры болды. Ал маусым барысында команданың уақытша бас бапкері қызметін де атқарған. Сонымен қатар, бұл маман латвиялық "Вентспилис", "Рига", "Сконто", қазақстандық "Астана" командаларында қызмет атқарған. 

Еске салайық, Эшуорт "Астана" сапында 2019-2020 жылдары жұмыс істеді. Ол алдымен атқарушы директор болды. Кейін уақытша бас бапкер болды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар