Футбол
7 тамыз 2019 15:02

"Астананың" бір легионері Еуропа Лигасындағы қарсылас команданың толық құрамынан қымбат

Марин Томасов. Сурет: "Астана" ФК
Қазақстандық "Астана" құрамы футболшылар құны бойынша мальталық "Валлеттадан" айтарлықтай жоғары болып шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық команданың жалпы құны 24,83 миллион еуроға бағаланып отыр. Ең қымбат ойыншылар: Марин Томасов - 3,5 миллион еуро, Дмитрий Шомко, Роман Муртазаев пен Фирмин Мубеле, әрқайсысы 2,5 миллион еуро.

"Валлеттаның" толық құрамы 3,30 миллион еуроға бағаланып отыр. Осылайша, мальталық команданың сапы бір ғана Томасовтың құнынан төмен. Ал мұндағы ең қымбат футболшылар ол - Марио Фонтанелла (300 мың еуро), Кевин Тулимьери (250) және Анри Бонелло (225).

Еуропа Лигасы үшінші іріктеу кезеңінің "Астана" мен "Валлетта" арасындағы алғашқы матч 8 тамыз Қазақстан астанасында өтеді. Басталуы жергілікті уақытпен 20:00.

Айта кетейік, мұның алдындағы раундта қазақстандық клуб андорралық "Санта-Коломадан" басым болды (0:0, 4:1), ал мальталықтар екінші раундта Чемпиондар Лигасынан шығып қалып, жарысты Еуропа Лигасында жалғастырды. "Валлетта" венгериялық "Ференцвароштан" (3:1, 1:1) ұтылды.