"Астананың" белді футболшысы "Ақжайыққа" қарсы кездесуге қатыса алмайды

10 қыркүйек 2021 20:25
©"Тобыл" ФК

Елордалық "Астана" командасының көшбасшысы футболшысы Марин Томасов Қазақстан чемпионатының 20 турында "Ақжайыққа" қарсы матчқа қатыспайды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады. 

Хорватиялық футболшы коронавирус жұқтырып алған. Сол үшін ол 11 қыркүйек күні Орал қаласында өтетін ойынға қатыспайды. 

Коронавируске байланысты "Астана" командасының капитаны Абзал Бексебеков те алдағы матчта ойнамайды. 

Еске салайық, 19 турдан кейін "Астана" командасы "Тобылдан" бір ұпай қалып, екінші орында келеді. Ал "Ақжайық" болса бесінші сатыда. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: