Футбол
27 қазан 2021 17:03
 

"Астананың" бас бапкері екі жылға, Барсегян екі айға шеттетілді

  Пікірлер

blog.share

"Астананың" бас бапкері екі жылға, Барсегян екі айға шеттетілді ©"Астана" ФК

Елордалық "Астана" командасының бас бапкері Андрей Тихонов екі жылға, ал команданың жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян екі айға шеттетілді, деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты. 

blog.share

Елордалық "Астана" командасының бас бапкері Андрей Тихонов екі жылға, ал команданың жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян екі айға шеттетілді, деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты. 

Алматылық "Қайратқа" қарсы кездесу барысында командасын алаңнан алып кеткен елордалық "Астана" командасының бас бапкері Андрей Тихонов алдағы екі жылда командасын алаң жиегінен басқара алмайтын болды. Мұндай шешімді ҚФФ Тәртіпті бақылау департаменті шығарды. Ал "Астана" командасының жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян болса ойын соңында жанкүйерлерге ортаңғы саусағын көрсеткені үшін алдағы екі айда командасына көмектесе алмайды. 

Бұл жаза 2021 жылдың 25 қазанынан бастап күшіне енеді. 

Еске салайық, Қазақстан чемпионатының өткен турында "Қайрат" пен "Астана" арасындағы ойынның бірінші таймы аяқталар тұста ресейлік маман елордалық команданы алаңнан алып кеткен болатын. Бұл ойын 1:0 есебімен алматылық команданың пайдасына аяқталды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!