"Астананың" 2,5 миллион еуроға бағаланған мықты ойыншысы жаңа клубта медициналық тесерістен өтті
"Астананың" көшбасшы ойыншысы - армениялық жартылай қорғаушы Тигран Барсегян жаңа клубқа ауысу үшін медициналық тексерістен сәтті өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Астананың" көшбасшы ойыншысы - армениялық жартылай қорғаушы Тигран Барсегян жаңа клубқа ауысу үшін медициналық тексерістен сәтті өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алдағы уақытта Барсегян словакиялық "Слован" клубымен келісімшарт жасауы ықтимал. Айта кетейік, бұл команданы "Қайраттың" бұрынғы бапкері Владимир Вайсс жаттықтырады. Мұның алдында тараптар трансфер сомасына келіскені хабарланған.
Өткен маусымда "Слован" Словакия чемпионатында жеңіске жеткен, ал қазіргі таңда Чемпиондар лигасы екінші іріктеу раундына өтті.
Барсегян "Астана" сапында 2020 жылдан ойнап келеді. Қазақстан чемпионатының биылғы маусымында ол 18 матчке қатысып, бес гол салды және алты нәтижелі пас берді.
Transfermarkt футболшының қазіргі құнын 2,5 миллион еуроға бағалап отыр.
Tigran Barseghyan ?? vient de terminer sa visite médicale. Il sera bientôt officialiser par Slovan Bratislava ??. https://t.co/6JaaJFPQ4L
— Arménie Football (@ArmenieFootball) July 15, 2021
Жарнама