"Беларусь футбол федерациясы" қауымдастығы елдегі БАҚ арасында өткізген сауалнама қорытындысы бойынша мамырдағы ең мықты бапкер солигорлық "Шахтердегі" Роман Григорчук атанды, делінген ұйым сайтында.
Оның жетекшілігімен "Шахтер" Беларуссияның биылғы чемпионатында жеңіліс көрмей келеді, команда қатарынан 12 рет ұтты.
Еске салайық, 56 жастағы Григорчук 2018-2019 жылдары "Астананы" жаттықтырды, ал солигорлық клуб маманды былтыр жазда қызметке алып, ел чемпионатын (2020) және Беларусь суперкубогын жеңіп алды(2021).