"Астананы" Еуропа лигасынан ұшырған команда Босния чемпионынан ұтылып турнирден шығып қалды

25 қыркүйек 2020 11:35
Сурет: "Сараево" ФК
 "Астананы" Еуропа лигасынан шығарып тастаған "Будучность" үшінші раундта 1:2 есебімен босниялық "Сараеводан" ұтылып, турнирден ұшып кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойынның төртінші минутында-ақ Бенджамин Татар "Сараевоны" алға шығарды. Бірақ үзіліс алдында Панайотис Мораитис есепті теңестірді. Ал 67-ші минутта Маттиас Фанимо жеңіс голын салды. Оның үстіне 75-ші минуттан бастап "Будучность" көпшілікте ойнады, босниялықтардан Амар Рахманович алаңнан қуылған болатын. 

 Еске салайық Еуропа лигасының екінші раундында "Будучность" Алматыда "Астананы" 1:0 есебімен жеңген болатын. Осылайша, Қазақстан чемпионы алты жылда алғаш рет еурокубоктардың топтық кезеңінде ойнай алмады.