Ойынның төртінші минутында-ақ Бенджамин Татар "Сараевоны" алға шығарды. Бірақ үзіліс алдында Панайотис Мораитис есепті теңестірді. Ал 67-ші минутта Маттиас Фанимо жеңіс голын салды. Оның үстіне 75-ші минуттан бастап "Будучность" көпшілікте ойнады, босниялықтардан Амар Рахманович алаңнан қуылған болатын.
Еске салайық Еуропа лигасының екінші раундында "Будучность" Алматыда "Астананы" 1:0 есебімен жеңген болатын. Осылайша, Қазақстан чемпионы алты жылда алғаш рет еурокубоктардың топтық кезеңінде ойнай алмады.