"Парма" өзінің ресми сайтында 29 жастағы Дармиан клубпен 2023 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа отырғанын хабарлады.
Дармиан "Манчестер Юнайтед" сапына 2015 жылы "Торино" клубынан барған. Содан бері футболшы 92 матчқа қатысып, бір гол салды.
Айта кетейік, Дармиан 2015 жылы "көгілдір доп" - Италия құрамасының үздік ойыншысына беретін сыйды иеленген, бұл сыйлық 2014 жылы жанкүйерлер арасында жүргізген сауалнама қорытынысы арқылы белгіленді.
Еске салайық, "Астана" - "Манчестер Юнайтед" арасындағы бірінші матч 19-шы қыркүйек "Олд Траффорд" стадионында өтеді, басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 01:00. Қарымта 28 қараша "Астана-Аренада".
Сонымен қатар, L тобында сербиялық "Партизан" мен голландиялық "АЗ Алкмар" ойнайды.