Футбол
29 қыркүйек 2020 18:19

"Астанамен" матч үшін "Жетісуға" техникалық жеңіліс жазылды және жарты миллион айыппұл салынды

Сурет: ҚКФЛ
Қазақстан футбол федерациясының тәртіптік бақылау комитеті премьер-лиганың 11-ші турындағы "Астана" мен "Жетісу" арасындағы матчке қатысты шешім шығарды. 

"Матчке жеті легионерді заңсыз қатыстырғаны үшін "Жетісу" клубына 0:3 есебімен жеңіліс жазылып, 200 АЕК - 555 600 теңге айыппұл салынды", - делінген хабарламада. 

Сонымен қоса, комитет стадионда медициналық бетпердені дұрыс тақпағаны үшін "Астана" бапкері Пол Энтони Эшуортке 50 АЕК, яғни, 138 900 теңге айыпұл салды.

Еске салайық, матчтың өзі "Астананың" жеңісімен аяқталған - 3:0.