"Астанамен" матч алдында "Қайрат" мықты ойыншысынан айырылды

Сурет: "Қайрат" ФК

"Қайрат" қорғаушысы Раде Дугалич футболдан Қазақстан чемпионатының 13-ші турында "Астанамен" ойынға қатыса алмайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

28 жастағы сербиялық 12-ші турдағы "Ақтөбемен" ойында (4:2) сары қағаз алды. Бұл оның осы маусымдағы төртінші ескертуі. 

Бұл матч алдында "Астана" 32 ұпаймен турнир кестесінде бірінші келеді, "Қайрат" 12 балл кем жинады (4). Дугалич осымен тоғыз ойынға қатысты.

Алдағы матч 23 мамыр "Астана Арена" стадионында өтеді.

Жаңалықтар