Футбол
8 қараша 2022 23:03

"Астана"Марин Томасовтың болашағына байланысты шешім шығарды

©"Астана" ФК

Елордалық "Астана" командасы ұжымның лидері Марин Томасовқа жаңа келісімшарт ұсынбақшы. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлады.

Биыл 35 жастағы футболшы "Астана" командасына Қазақстан чемпионатында топ жаруға керемет көмектесті. Ол осы маусыда 15 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді. 

Томасов қазіргі келісімшарты бойынша 30 миллион теңгеге жуық табыс алады. Бірақ "Астана" дәл осындай жалақымен оған жаңа келісімшарт ұсына алмайды. 

Клуб алдағы уақытта футболшыға өз талаптары бойынша жаңа келісімшарт ұсынып, Томасовтың жауабын күтеді. 

Айта кетейік, хорватиялық ойыншы "Астана" сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол төрт мәрте Қазақстанның чемпионы болған.



Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport