1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 15:02
 

Астаналық клуб Исламбек Қуатқа қатысты шешімін жариялады

  Пікірлер

blog.share

Астаналық клуб Исламбек Қуатқа қатысты шешімін жариялады ©ҚФФ

Астаналық "Жеңіс" футбол клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуатпен келісімшартты ұзартқанын хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

blog.share

Астаналық "Жеңіс" футбол клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуатпен келісімшартты ұзартқанын хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

33 жастағы футболшымен жасалған келісім 2026 жылдың соңына дейін ұзартылды.

Исламбек "Жеңіс" сапында 2025 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол барлық турнирде 24 матчқа қатысып, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Футболшы бұған дейін "Астана", "Оқжетпес", "Ақтөбе", "Қайрат", "Оренбург" және "Химки" (Ресей) клубтарында өнер көрсеткен.

Қазақстан ұлттық құрамасында Қуат 2015 жылдан бері ойнап келеді. Ол осы уақыт аралығында 69 матч өткізіп, алты гол соққан.

Бұған дейін Исламбек Қуатқа петропавлдық "Қызылжар" клубының қызығушылық танытқаны хабарланған еді.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!