"Астаналық" 1,5 миллион еуро тұратын легионер жаңа клуб таңдады
"Астана" клубының румындық ойыншысы Дорин Ротариу мансабын Болгария біріншілігінде жалғастырады. Ол болгариялық "Лудогорец" командасымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Vesti.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Келісімшарттың егжей-тегжейі әлі белгісіз, алайда Transfermarkt дерегі бойынша, 25 жастағы жартылай қорғаушы тәуелсіз агент статусына ауысқан. Оның қазақстандық клубпен жасаған келісімшарты 2022 жылдың соңына дейін еді. 2019 жылы "Астана" Ротариуды қатарға қосу үшін бельгиялық "Брюгге" клубына 1,5 миллион еуро төлеген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың басында "Лудогорец" қатарына "Астана" клубынан Пиерос Сотириу ауысып барды. Разград қаласының клубы - Болгарияның 10 дүркін чемпионы.
Жарнама