"Астанаға" қарсы ойынға ақтөбеліктердің сегіз бірдей ойыншысы қатыспайды

Сурет: "Астана" ФК ©

Қазақстан Кубогі 6-туры аясындағы "Астанаға" қарсы матчқа "Ақтөбенің" сегіз ойыншысы қатыса алмайды, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.

Ақтөбеліктердің жартылай қорғаушылары Эрвейн Мукам, Тонго Думбия, Максим Федин, Рифат Нұрмұғамет және қорғаушы Дмитрий Шомко жарақаттарына байланысты қатыспайды. 

Сондай-ақ сары қағаздың көптігіне байланысты орталық қорғаушылар Юрий Логвиненко мен Михал Йерабек алдағы кездесуді жіберуге мәжбүр. 

Елордалық клубтан жалға алынған Юрий Перцух келісімшарт талабы бойынша "Астанаға" қарсы ойынға шыға алмайды. 

Айта кетейік, командалар арасындағы ойын бүгін, 15 тамыз күні өтеді. Ойын Нұр-Cұлтан уақытымен 18:00 басталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар