"Рубин" сербиялық шабуылшы Джодже Деспотовичпен бір жақты шешіммен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды ресейлік клубтың баспасөз қызметі.
29 жастағы шабуылшының "Рубинмен" келісімшарты 2023 жылдың маусымына дейін еді. Бірақ соған қарамастан ол Instagram парақшасында командамен қоштасты. Алып-қашпа әңгіме бойынша, Деспотович команданың бас бапкері Леонид Слуцкимен ұрысып қалған. Осыған байланысты ол екінші құрамға ауыстырылған.
Биыл Джодже Деспотович Ресей біріншілігінде тоғыз кездесу өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Ал жалпы ол "Рубин" сапында 36 ойынға қатысып, 15 гол соққан.
Қазіргі уақытта бұл шабуылшыға "Црвена Звезда", ЦСКА секілді командалар қызығушылық білдіруде. Олардың қатарында елордалық "Астана" командасы да бар.
Айта кетейік, шабуылшы "Рубиннен" 2020 жылдың жазында "Оренбург" сапынан ауысып келген болаттын. Қазақстандық жанкүйерлерге шабуылшы "Жетісу", "Қайрат", "Тобыл" және "Астана" командаларында ойнағанымен жақсы таныс.
Напомним, Деспотович в свое время выступал в Казахстане за "Жетысу", "Кайрат", "Астану" и "Тобол". При этом сообщалось, что столичный клуб хочет вернуть сербского легионера.